«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы қалалық семинар

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» филиалының жедел жоспарына сәйкес «Психология, инклюзивті білім беру және кәсіби даму» кафедрасының ұйымдастыруымен 2023 жылы 05 мамыр күні Шымкент қаласы, №62 “Ботақан” бөбекжай бақша базасында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинар мақсаты мектепке дейінгі ұйым педагогінің ойын құзыреттілігін арттыру. Семинарға мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері, тәрбиешілері қатысты. Семинар барысында ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың ойын әрекетін дамыту үшін жағдайлар жасауды, мектепке дейінгі ұйымның тәрбие-білім беру үдерісінде әртүрлі ойын түрлерін қолдану және IT-құзыреттіліктері қалыптасты. Институтың аға оқытушылары Алма Адилаева, Назгуль Егенова шебер сынып барысында мектепке дейінгі білім беру тәрбиешілерінің АКТ құрылғыларын қолдана ойын құзыреттілігін қалыптастыру жолдарын меңгертті. Семинар нәтижесінде қатысушылар өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісе келе мектепке дейінгі ұйым педагогтарының кәсіби біліктіліктері мен құзыреттіліктері артты. Семинар соңында үздік педагогтар марапаттарға ие болды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар