Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда оқытудың заманауи стратегиялары мен әдістерін тиімді қолдану

2023 жылдың 11 мамырында Ақтөбе қаласы, «Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы» КММ базасында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда оқытудың заманауи стратегиялары мен әдістерін тиімді қолдану» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар-практикум семинары өтті. Мақсаты, оқу сабақтарында оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін қолдана отырып, зерттеу сабақтары арқылы білім алушылардың оқу жетістігінің артуына ықпал ету.

Облыстық семинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» филиалы Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Акмарал Ақтамбаевна жетекшілік етті және кафедра аға оқытушысы, магистр Сауле Сулейменова алғы сөз сөйледі.
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Б Муханбедиярова «Математика – ғылымдардың төресі» семинарды бастап, бағдарламаға сәйкес, математика пәнінің мұғалімі Д.А.Алишева«Теңсіздіктер жүйелерін шешу» тақырыбында, А.Ж.Сарсембаева “Шеңбер.Дөңгелек” тақырыбында, физика пәні мұғалімі Г.Ш.Имангалиева «Аспан денелері туралы ғылым» тақырыбында ашық сабағын өткізіп, сабақ барысында педагогтар цифрлық ресурстар Quzizz, Flippyty, Kahoot, LearningApp, Padlet тақтасы секілді электрондық қосымшаларды ұтымды пайдаланды.

Математика және физика пән мұғалімдері
Избасарова Р.К., Кулдирова Г.Е.,Турекешова Л.К., Касимова С.М «Ғылымдар патшалығында» күрделі есептердің шешу жолдары

Информатика пән мұғалімдері Кулмурзина З.Ж., Ахмет А.Е., Джангазиева Л.Ж «Заманауи сабақты жоспарлаудағы тиімді әдіс-тәсілдері»

Физика пәні мұғалімі Жұмағазиева Ж.Б«Кейспен жұмыс» (микролаборатория) жұмыстарын жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар