Пәндік курстар жалғасуда

       Ағымдағы жылдың 10 мамыр күні «Өрлеу»-Орал Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен пәндік  біліктілік арттыру курстары басталды. Институттың аға оқытушылары аудандарға шығып, қысқамерзімді курстар өткізуде.

«Тарих пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту 5-9 сыныптар» тақырыбында Теректі ауданы Шаған жалпы орта білім беретін мектебінде аға оқытушы Таскалиева Гүлдана Ерсайынқызы жетекшілік етуде.

Курстың мақсаты – тарих пәні мұғалімдерінің күрделі тақырыптар бойынша теориялық, практикалық және әдістемелік дағдыларын кеңейту.

 Курс барысында педагогтер теориялық және практикалық білімдерін ұштастыра отырып, пәнді оқытудың ұйымдастырушылық, мазмұндық, әдістемелік, тұжырымдамалық негіздерін меңгереді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар