Кәсіби даму институтының директоры Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы Тараз қаласының Төле би атындағы №8 гимназия мұғалімдерімен кездесіп, бүгінгі педагог келбеті немесе мұғалім қандай болуы керек?-деген сауал төңірегінде ой бөлісті. «Егер болашақтың өзгеруін қаласаң, өзің қазіргі сәттің өзгерісі бол» – деп И.Ганди айтқандай, қоғамның бүгінгі талабына сай болу – әр ұстаздың міндеті.
Кездесуде гимназия мұғалімдерімен педагогтің жауапкершілігі, қоғамдағы рөлі, кәсіби құзыреттері мен шығармашылық деңгейлерін арттыру бағытындағы жұмыстары талқыланды, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Сонымен қатар кездесу аясында педагогтердің біліктілігін арттыру мен курстан кейінгі қолдау жұмыстары туралы институт қызметкерлері-Н.В.Цой, Г.А.Иманалиева жаңа ақпараттармен бөлісті. Гимназия директоры Ә.Әзімбай мектепте атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, Жамбыл-«Өрлеу» ұжымымен кәсіби ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы жоспарларымен бөлісті.
