Біліктілікті арттыру курсы аясындағы тәжірибелік экскурсия

2023 жылдың 10-19 мамыры аралығында Өрлеу Республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушысы Жақсым Орынбек физика пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсын өткізді. Курстың бағдарламалық мазмұны негізінде физика пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамытуға барынша қолдау көрсетілуде.

Курс барысында орта білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен принциптері, «Физика» пәнінің күрделі тақырыптары және Lesson Study технологиясы негізінде сабақтар ұйымдастырылды.

Пән бойынша күрделі тақырыптар қатарынан табылатын: Аспан сферасы мен аспан координаталар жүйесі тақырыбындағы құзіреттілігін дамыту мақсатында 2023 жылдың 16 мамырында «Бөбек» ҰҒПББСО орталығының Обсерватория базасында тәжірибелік экскурсия жасалды. Тыңдаушыларға обсерватория кызметкерлері жұлдызды уақыт, ай күнтізбесі, армиллярлық сфералық өлшеу құралдары туралы мәліметтерді ұсынып, жұлдызды аспанның жылжымалы картасымен таныстырды.

Обсерваторияда түнгі және күндізгі бақылаулар қалай жүргізілетіні жайлы тәжірибелерімен де бөлісті. Тыңдаушылар ҰҒПББСО орталығының планетарийінде (жұлдызды зал) «Аспан денелері» туралы дәріс тыңдап, аспан объектілерімен танысты. Физика пәні мұғалімдері үшін обсерваторияда күрделі телескоптардың түрлері мен олардың жұмыс жасау ерекшеліктері жайлы да ақпарат берілді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар