Архив
Posted 1 год ago

Хабарландыру

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының Абай облысы бойынша өкілдіктің, оқу ісі жөніндегі топтың жүйе әкімшісі

 бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы

Мекеме атауы: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалы

Бос орын түрі: бос лауазымға орналасуға конкурс

Құжаттарды қабылдау күні: 26.03.2024 ж.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 01.04.2024 ж.

Жауапты: әкімшілік-кадрлық жұмыс басқарма бастығы

Байланыс e-mail: vkoipk@mail.ru   vkoipk@orleu-edu.kz

Телефон: 8/7232/740024

Бос орын атауы: оқу ісі жөніндегі топтың жүйе әкімшісі.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ ақпараттық технологиялар, жүйелер және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ақппараттық және бағдарламалық құралдардың жұмыс істеуі мен архитектурасының жалпы қағидаттарын, желілік басқару, бағдарламалау негіздері, ақпаратты өңдеу кезінде есептеу техникасын бағдарламалау және пайдалану әдістері, желінің серверлік ресурстары, жабдықтың техникалық-пайдалану сипаттамалары, конструктивтік ерекшеліктері, мақсаты мен жұмыс режимдері, оны техникалық пайдалану қағидалары, желілерді аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету, аппараттық қамтамасыз етуді қарапайым жөндеу қағидаттары, нормаланған бағдарламалау тілдері, қолданыстағы стандарттар, шифрлар мен кодтарды санау жүйелері, бағдарламалау әдістері, ақпаратты кешенді қорғауды ұйымдастыру жүйелері,ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізудің алдын алу тәсілдері, техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібі, экономика негіздері, еңбекті ұйымдастыру және басқару, филиалдың осы лауазымға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ішкі еңбек тәртібі ережелері.

    Абай облысы бойынша өкілдіктің, оқу ісі жөніндегі топтың жүйе әкімшісі лауазымдық міндеттеріне кіреді:

– міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;

– серверге және жұмыс станциясына операциялық жүйелер мен жұмыс істеу үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату;

– серверде және жұмыс станциясында бағдарламалық қамтамасыз етуді конфигурациялау;

– сервер мен жұмыс станциясының бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етудің жұмысқа жарамды күйде ұстау;

– жергілікті желі мен пошта серверінің пайдаланушыларын тіркеу, сәйкестендіргіштер мен құпиясөздерді тағайындау;

– пайдаланушыларды техникалық және бағдарламалық қолдау, пайдаланушыларға жергілікті желі мен бағдарламалардың жұмысы мәселелері бойынша кеңес беру, бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс жөніндегі нұсқаулықтарды жасау және оларды пайдаланушылардың назарына жеткізу;

– желілік ресурстарға қол жеткізу құқығын белгілеу және пайдалануды бақылау;

– деректерді уақтылы көшіруді, мұрағаттауды және резервтеуді қамтамасыз ету;

– пайдаланушылардың және бағдарламалық қамтамасыз етудің қателерін анықтау және оларды түзету бойынша шаралар қабылдау;

– желі мониторингін жүргізу, желі инфрақұрылымын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

– желілік қауіпсіздікті (ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден, жүйелік файлдар мен деректерді қараудан немесе өзгертуден қорғауды), желіаралық өзара іс-қимыл қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

– жергілікті есептеу желісін, серверді және жұмыс станциясын вирусқа қарсы қорғау;

– бөгде ұйым мамандарының жергілікті желі жабдығын монтаждауына бақылау жасау;

– жергілікті есептеу желісін пайдалану ережелерін бұзу жағдайлары және қабылданған шаралар туралы өзінің тікелей басшысына хабарлау;

– Өкілдік үшін жабдықты сатып алу тізімін жасау;

– Zoom, vMix-те онлайн кездесулер мен конференциялар ұйымдастыру;

– стандартты процестерді мониторингтеуді, бэкапирлеуді, автоматтандыруды қамтамасыз ету;

– барлық техникалық құжаттаманы жүргізу;

– серверді және IP-телефонияны басқару;

– белсенді желілік жабдықты әкімшілендіру;

– Филиал компьютерлерінің, ұйымдастыру техникасының, серверлері мен желілік жабдықтарының жұмысқа жарамдылығын қолдау;

– ақауларды жедел диагностикалау және оларды жою;

– пайдаланушыларды жабдықпен жұмыс істеу жөнінде жүйелі оқыту;

– Қоғам және Филиал қызметі шеңберінде LMS платформасының ішкі және сыртқы пайдаланушыларына техникалық қолдау көрсету;

– іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету.

Іссапарлар: иә

Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Жұмыс орнының орналасқан жері: Семей қаласы

Қызметтік келісімшарттың түрі: еңбек шарты

Білім деңгейі: тиісті бағыт бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.

Мамандығы бойынша жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бір жыл.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген Кандидат «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) не көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі ұсынады:

– конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түйіндеме фотомен;

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Мекеменің орналасқан мекен-жайы: Өскемен қаласы, Киевская көшесі 69.

Apply For This Job