Абай облысы бойынша Өкілдіктің Басшысы
Архив
Posted 1 год ago
Хабарландыру
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының Абай облысы бойынша Өкілдіктің Басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы
Мекеме атауы: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалы
Бос орын түрі: бос лауазымға орналасуға конкурс
Құжаттарды қабылдау күні: 26.03.2024 ж.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 01.04.2024 ж.
Жауапты: әкімшілік-кадрлық жұмыс басқарма бастығы
Байланыс e-mail: vkoipk@mail.ru vkoipk@orleu-edu.kz
Телефон: 8/7232/740024
Бос орын атауы: Абай облысы бойынша Өкілдіктің Басшысы.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік заңнамалық және құқықтық актілерін, дидактика қағидаттарын, педагогика және психологиясы негіздерін, инновациялық басқару әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу қағидаттарын, баспалармен жұмыс істеу негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу қағидаттары мен тәртібін; пән бойынша және жаңа балама оқулықтардың мазмұнын, ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыс, озық білім беру технологиялары бойынша тәжірибені жалпылау және тарату әдістемесін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларда.
Абай облысы бойынша Өкілдіктің Басшысы лауазымдық міндеттеріне кіреді:
– Өкілдіктің барлық оқу қызмет түрлеріне бақылау жасау;
– негізгі бағыттарды іске асыру, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесінде ақпараттандыруды дамыту, білім беруді және ғылымды басқару процесін автоматтандыру, білім беруді цифрландыру жағдайында педагог қызметкерлердің кәсіптік қызметке дайындығын қалыптастыру бойынша олардың біліктілігін арттыру шараларын қамтамасыз ету;
– білім беру процесін жетілдіру, жаңа оқыту технологияларын әзірлеу және кіріктіру бойынша ұсыныстар енгізу;
– Өкілдіктің әдістемелік, инновациялық даму және цифрландыру жөніндегі қызметін бақылау мен үйлестіру;
– оқу-тақырыптық жоспарларды, бағдарламаларды, сабақтар кестесін және оқу қызметінің басқа да түрлерін әзірлеуге басшылық жасау;
– оқытушылардың оқу жүктемесін орындауын, дәрістер мен тәжірибелік сабақтардың сапасын бақылау;
– Филиалдың Ғылыми кеңесінің отырыстарына, білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың алқаларына, Қоғам және ҚР Ағарту министрлігі кеңестеріне материалдар дайындау;
– білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға және облыстың қалалары мен аудандарының әдістемелік кабинеттеріне әдістемелік көмек көрсету жөніндегі процесті басқару;
– кафедраның және оқу ісі жөніндегі бөлімнің қызметіне жетекшілік ету;
– инновациялық және эксперименттік режимде жұмыс істейтін мектептерге ғылыми-әдістемелік көмек ұйымдастыру;
– қалалық, облыстық және республикалық конкурстарды дайындау және өткізу;
– Өкілдіктің оқытушылар құрамымен әдістемелік сағаттар өткізу;
– жетекші жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
– білім беру ұйымдарының басшы, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік кадрларының біліктілігін арттыру сабақтастығының, үздіксіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау;
– Өкілдіктің жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелері үшін кадрларды іріктеуге қатысу және оларды Филиал директорына ұсыну;
– қажетті есептіліктің жасалуын және ұсынылуын қамтамасыз ету;
– атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберіндегі мәселелер бойынша жобаларға, жұмыс топтарына, комитеттердің жұмысына, сапалы білім беру бағдарламалары (ББ) мен оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) әзірлеуге, ББ сараптамасына, отырыстарға, кеңестерге, әдістемелік семинарларға қатысу;
– іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету.
Іссапарлар: иә
Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Жұмыс орнының орналасқан жері: Семей қаласы
Қызметтік келісімшарттың түрі: еңбек шарты
Білім деңгейі: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат.
Мамандығы бойынша жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген Кандидат «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) не көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі ұсынады:
– конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– түйіндеме фотомен;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Мекеменің орналасқан мекен-жайы: Өскемен қаласы, Киевская көшесі 69.