2023 жылдың 25-мамыр күні Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы «Талдыбұлақ» ШЖН мектебі базасында «Білім беру саласындағы педагогтердің ұйымдастырушылық қызметі» тақырыбында тимбилдинг өткізілді. Іс-шараның мақсаты мектеп оқушыларының тұлғалық дамуына ықпал етуде педагогтердің ұйымдастырушылық қызметі жайлы пікірлесу, оқу қызметінде тиімді нәтижелерге қол жеткізуде рухани адамгершілік құндылықтарға дағдыландыру. Іс-шара барысында «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушылары Кенжехожаева Л., Бименова М., «Мектеп оқушыларының тұлғалық даму процесіндегі педагогтің ролі», «Педагогикалық тәжірибе жинақтау мен рухани адамгершілік құндылықтарға дағдыландырда жас маманмен жұмыс» тақырыбында шебер-сыныптар өткізіп, мектеп мұғалімдерімен өзара тәжірибе алмасты. Білім алушылардың рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтармен таныстыру, өзін-өзі тәрбиелеуін дамытудағы педагогтердің ұйымдастырушылық қызметі туралы пікір алмасулар болды. Курс тыңдаушылардың тұлғалық дамуына мақсатты педагогикалық ықпал етуде тиімді нәтижелерге қол жеткізуде педагогтер тарапынан аса маңызды, нәтижелі жұмыстар жүргізілу қажет екендігі айтылды. Тиімді нәтижеге қол жеткізуде ұсыныстар мен кеңестер талқыланып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Қорытындысында педагогтерді ұйымдастырушылық қызметін қолдау мен сүйемелдеуге қатысты іс-шаралардың жалғасын табу қажеттігі туралы айтып, «Өрлеу» ұжымына шығармашылық табыстар тіледі.

- 25 Май
- 2023