Құрметті педагогтер!
Сіздерге республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» 2023 байқауының басталғанын хабарлаймыз!
Байқаудың мақсаты: пәнаралық негізде білім алушылардың ерте /функционалдық сауаттылығын дамыту саласында педагогтердің өзара іс-қимылының заманауи педагогикалық тәжірибесі мен үздік практикаларын жалпылау және танымал ету.
Өтінімдер 10 қазанға дейін қабылданады. Республикалық конкурсқа жеке немесе 3 адамнан аспайтын авторлық топпен қатысуға болады. Сондай-ақ, педагогтер бейне түріндегі авторлық жұмыстарын 12 бағыттың бірі бойынша ұсына алады.
Байқауға
-мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогтері үшін ерте сауаттылық;
-оқу сауаттылығы;
-математикалық сауаттылық;
-жаратылыстану-ғылыми сауаттылық;
-цифрлық сауаттылық;
-медиа-ақпараттық сауаттылық;
-қаржылық сауаттылық;
-экологиялық сауаттылық;
-денсаулық сақтау сауаттылығы;
-әлеуметтік-эмоционалды сауаттылық;
-мәдениетаралық сауаттылық;
-азаматтық-құқықтық сауаттылық бағыттары бойынша бейнематериалдар жібере алады. Педагогтер сабақ, дәріс, практикалық немесе зертханалық жұмыс, семинар, мастер-класс т.б. жұмыстарын қазақ, орыс және ағылшын тілінде ұсына алады. Байқау туралы толық ақпарат алу үшін Өрлеудің сайтына өтіп, https://ppi.orleu-edu.kz/?page_id=21414&lang=kk сілтемесі арқылы Ережесімен танысуға және өтінім қалдыруға болады.
Конкурстың жұмыс тілдері: Қазақ, орыс, ағылшын. Жұмыс ағылшын тілінде ұсынылған жағдайда, ағылшын тілді сарапшылардан тұратын жеке комиссия құрылады.
Бейнематериалдың мазмұны мен түрі:
Бейнематериалда авторлық педагогикалық идея, яғни қысқаша тұжырымдалған ой болуы керек, ол жалпы пәнаралық негізде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту саласындағы кәсіби педагогикалық тәжірибенің бір немесе басқа жағының инновациялық мәнін белгілейді.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту саласындағы проблеманың шешімін көрсететін идеяны визуалдау мынадай түрлерде ұсынылуы мүмкін:
– дәріс (белгілі бір академиялық пәннің бөлігі ретінде тақырыпты дәйекті түрде ұсыну, лектордың монологы түрінде өткізіледі, бұл ретте алдын-ала дайындалған жоспар қолданылады, студенттердің қатысуы міндетті емес);
– сабақ (білім алушылардың қатысуымен белгіленген бағдарлама шеңберінде оқу жұмысын ұйымдастыру бойынша педагогтың жұмысы, әртүрлі әдістемелік тәсілдерді қолдану көрсетіледі, сонымен қатар дидактикалық және тәрбиелік мақсаттарға жету әдісі түсіндіріледі);
– практикалық / зертханалық жұмыс (арнайы жабдықты немесе теориялық материалдарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша педагогтың басшылығымен білім алушылардың өзіндік жұмысы);
– семинар (оқу пәні шеңберінде белгілі бір тақырыптар мен проблемалық мәселелерге арналған талқылау түрінде білім алушылардың педагог ұйымдастырған өзіндік жұмысы. Педагогтың ұйымдастырушы ретіндегі рөлі айқын болуы керек);
– мастер-класс (педагогикалық жұмыстың инновациялық әдісін қолдануды және оның басқа педагогтар үшін практикалық құндылығын түсіндіруді көрсету);
– цифрлық білім беру ресурсы (білім беру процесінде оны пайдалану аспектілерін түсіндіре отырып, кеңінен қолдануға дайын авторлық әзірлемені қамтитын оқу материалын қолдануды көрсету);
– – бейне подкаст (белгілі бір тақырыптағы диалог (сұхбат) немесе монолог форматындағы түпнұсқа атауы бар, сценарий бойынша жазылған және бейне сериясымен сүйемелденетін семантикалық блоктары бар авторлық бейне. Бұл форматта дыбысқа баса назар аударылады, оны бөгде шу шығармай жазу керек және жоғары сапалы монтаждан өту керек, нәтижесінде ақпаратты қабылдауға кедергі келтіретін сөздердің орамы, қосымша үзілістер жойылады).
Конкурсқа қатысу тәртібі:
*Конкурсқа 12 бағыт бойынша(3-тармақ) ведомстволық тиістілігіне, меншік түрі мен нысанына қарамастан білім беру ұйымдарының педагогтары қатыса алады;
*Конкурсқа педагогтар жеке де, авторлық топтарда да қатысуға құқылы (топтағы қатысушылар саны 3 адамнан аспауы тиіс);
*Конкурсқа қатысушылардан берілетін бейнематериалдардың саны шектеулі. Бір педагог бір бағытқа қатысу үшін өтінім беруге және бір бейнематериал ұсынуға құқылы;
*Әрбір бейнематериалға конкурсқа қатысуға өтінімді толтыру қажет (3-қосымша). Қатысушылар конкурстық материалды өздерінің бұлтты қоймасына жүктейді және конкурсқа қатысуға өтінімді толтыру кезінде осы файлға жұмыс сілтемесін көрсетеді.
*Конкурсқа қатысуға бұрын жарияланбаған, басқа конкурстарға қатыспаған, интернет желісінде орналастырылмаған бейнематериалдар жіберіледі. Жұмыстарда үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын бұзуға қабілетті және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін бейне ақпарат пен аудио контент болмауы тиіс.