«Өрлеу Шымкент» филиалында арнайы білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне (аға тәрбиешілеріне) «Психология, инклюзивті білім беру және кәсіби даму» кафедрасының аға оқытушысы Егенова Назгул Атаевнаның жетекшілігімен тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды. Тәжірибелік сабақ тақырыбы: «Арнайы білім беру ұйымдарында Монтессори ортасын ұйымдастыру». Мақсаты: Монтессори педагогикасын қолдана отырып балаларды еркіндікке баулып, баланың жеке басын үйлесімді дамуын қамтамасыз ету жолдарын меңгерту. Тәжірибелік сабақ барысында «Өмір жаттығулары», «Сенсорлық орталық», «Математикалық орталық», «Сауат ашу орталығы» орталықтары бойынша жаттығулар мен жұмыс түрлері көрсетілді. Нәтижесінде: Монтессори педагогикасын өз тәжірибелерінде қолдана алады.

- 05 Сен
- 2023