Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзия жағдайындағы үздік педагогикалық тәжірибелер

2023 жылдың 1 маусымында Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты педагогтер, ата-аналар және мектепке дейінгі білім беру жүйесінің басшылары үшін «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектепке дейінгі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру» тақырыбында  облыстық семинар өткізді.

Семинарға қатысушылар мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға арналған INCLUSION  интерактивті ақылды стендін қолдану мүмкіндіктерімен танысты. Стендте, нұсқаулықтағыдай, диагностика, түзету, емдеу, мемлекеттік қолдау шаралары туралы уақтылы ақпараттандыру, байланыс және мемлекеттік ұйымдардың базасы мәселелері бойынша ЕҚБ бар балаларды сүйемелдеудің барлық алгоритмдері бар.

Тараз қаласы мен Жамбыл ауданының бөбекжай-балабақшаларының педагогтері инклюзивті білім беру ортасын жобалау мүмкіндіктерін көрсетті: №16 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Лариса Казакова ЕҚБ  бар балалардың сөйлеуін дамытуға арналған нейро-ойындарды, педагогтерге жарты шараралық байланыстарды дамытуға арналған динамикалық және статикалық жаттығуларды шеберлік сынып түрінде көрсетсе, Нұргүл Исаханова, Елена Гольц авторлық әзірлеме – көпфункционалды ширмамен таныстырса, Әсел Дербісалы  балалармен дидактикалық ойындар құру үшін киіз материалдарын қолдануды көрсетті.

Тараз қаласының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры мамандарға, педагогтерге, ата-аналарға ЕҚБ  бар баланы сүйемелдеу бойынша ұсыныстар берді.

Семинар қорытындысында педагогтер іс-шараның ұйымдастырылуына жоғары баға беріп, оның өзектілігін, тәжірибелік  маңыздылығын және ата-аналар мен педагогтердің алдағы жұмыстарына қолдау  беретінін  атап өтті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар