«Ашық есік күні»

Бүгін  Кәсіби даму  институты педагогтер қауымына және жоғары оқу орындары мен колледждердің педагогикалық мамандықтарының студенттеріне арналған «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.

Іс-шара аясында қонақтар Институт ұжымымен  кездесіп, панорамалық  таныстырылым арқылы Институттың кәсіби қызметі, атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты ақпарат алмасып, педагогтердің біліктілігін  арттыру курстары туралы мол мағлұматтар алды.

Сонымен қатар, педагогтер «Педагог» кәсіптік стандартының ерекшеліктері, IT-фишкалар, оны оқу үрдісінде қолдану, республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсына қатысу, кітапхана ісі бойынша қызықты идеялар, педагогтердің біліктілігін арттырудағы шетелдік тәжірибе, пилоттық жобалар бойынша да  құнды мәліметтер  алып, тәжірибе бөлісті.

Институт  оқытушылары аудандар мен Тараз қаласында курс тыңдаушыларына,  басқа да педагог қызметкерлер үшін «Ашық есік күні» аясында облыс мектептерінің базасында «Ашық сабақтар» циклін өткізді.

Бұл іс-шараға қатысу  арқылы ұстаздар қауымы  Жамбыл-«Өрлеу»-дің педагогтерді кәсіби қолдаудағы  қызметімен толық танысуға  мүмкіндік алды.

Әрдайым Жамбыл-«Өрлеу» Сіздермен бірге!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар