Үстіміздегі жылдың 8 тамызында Тараз қаласының №18 бөбекжай-бақшасының базасында «Мектепке дейінгі ұйымдағы сөйлеу тілі бұзылған балаларға логопедиялық көмек және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жүйесі» тақырыбындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының логопедтеріне арналған біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына байқау туралы кеңес өткізілді.
Кездесу барысында байқауды өткізу ережесі туралы ақпарат, байқауға қатысуға өтінім беру және бейне жұмыстарын әзірлеуге қойылатын техникалық бағыттар бойынша нұсқаулықтар берілді. Іс-шара соңында педагогтер Жамбыл – «Өрлеу» ұжымына берілген ақпарат үшін алғыс білдіріп, байқауға қатысуға ниет білдірді.
Құрметті педагогтер, естеріңізге саламыз:
Байқауға қатысуға өтінімдер 2023 жылдың 10 қазанына дейін көрсетілген сайтта қабылданады: https://ppi.orleu-edu.kz
Қосымша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 69А, тел: 8(7262) 54-61-81 мекен-жайы бойынша ақпарат алуларыңызға болады.