Тәлімгерлік институты жобасы аясындағы семинар

 Бүгін 25 мамыр күні Оралдағы «Өрлеу» институтында «Өрлеумен» бірге өрле!»  тәлімгерлік институты жобасы аясындағы семинар  «Тәлімгерлік  шеңберінде ресми және бейресми оқытуды ұйымдастыру тәсілдері» тақырыбында жалғасты.

Жобаның мақсаты: педагог-тәлімгерлердің кәсіби қиындықтары мен қажеттіліктерін талқылау және жалпы білім беретін мектептерде тәлімгерлікті ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Семинарда институт директорының орынбасары Күміс Байкатова, Кәсіби білім беру кафедрасының меңгерушісі Динара Жумагалиева тақырып аясында толық ақпарат берді.

Сондай-ақ «Сенімен болашақ» РҚБ БҚО бойынша филиалының педагог-психологі Құралай Шамұратова қатысты.

  Екі күндік семинар барысында педагогтер тәлімгерлік жұмыстың мақсат- міндеттері, кезеңдері мен нәтижесі және жас педагогтерді кәсіби қолдау, олардың теориялық және практикалық қалыптасуына ықпал етуші әдіс- тәсілдер туралы мағлұмат алды.

Семинарға қатысушылар шараның кәсіби шыңдалуда ролі зор болғанын, тәлімгерлер тәлімгерлік жұмысты ұйымдастыруда әдістемелік көмекттің тиімді болғанын атап,  іс-тәжірибелерімен бөліскен әріптестерге ризашылықтарын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар