Бүгін 26 мамыр күні Оралдағы «Өрлеу» Кәсіби даму институтында педагогикалық мамандықтарды тәмамдағалы отырған студенттерге арналған «Ашық есік» күні өтті.
Шараның мақсаты жас мамандарды педагогтердің біліктілігін арттыру институтының қызметі, мақсат-міндеттерімен таныстыру, ұжымдық ортаға бейімдеу болды.
Басқосуды институт директоры Софья Измуханбетова алғы сөзбен ашып, біліктілікті арттыру институтының қызметіне тоқталды.
Бұдан әрі қызметкерлер институттың оқу-әдістемелік үдерісімен таныстырып өтті.
Шара барысында ақын-журналист Ақмаржан Таубаева, ардагер-ұстаз Өтебай Құспановтың атындағы кабинеттер мен институт кітапханасы, педагогикалық музейі таныстырылды.
Болашақ мамандар біліктілік арттыру курстарына қатысып, өздеріне қажетті ақпараттарды ойларына түйді.
Қорытындысында кездесуден алған әсерлерімен бөлісті.



