28.08-08.09.2023 ж. аралығында «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ұйымдастыруымен Сарыағаш ауданында “10- 11 сыныптарда” Қазақ тілі” және “Қазақ әдебиеті” (Т 1) пәні бойынша педагогтердің базалық және пәндік құзіреттіліктерін дамыту” тақырыбында орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтілуде. Курс жетекшісі институттың аға оқытушысы Жаңагүл Төребекқызы бүгінгі сабақты қазақтың белгілі ағартушысы, ғалым, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне арнап, 5 қыркүйек Тілдер мерекесімен байланыстырды. Сабақ барысында тыңдаушылар тіл құдіретін айшықтау мақсатында топ-топқа бөлініп жұмыс жасады., “Тыңдалым” тобы тіл туралы әндер орындады. Соның ішінде Р. Мамытовтың “Жаса, жаса, қазақ тілі”әні ерекше әсер етті. “Айтылым” тобы ана тілімізге арналған ақын-жазушылардың қанатты сөздері мен афоризмдерді өз ойларымен жеткізді. “Оқылым” тобы тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып, жүректен-жүрекке жеткізе білді.Арамыздағы шығармашыл ұстаздар өз шығармаларын оқыды. “Жазылым” тобы “Менің тілім-мәңгілік тіл” тақырыбында ойларын айқын жеткізе отырып, эссе жазды. Сонымен бірге, С. Ысмайылов мектебінде Тілдер мерекесіне арналған “Мәңгілік ел—мәртебелі тіл” тақырыбындағы іс-шараға курс жетекшісі қатысып құттықтады. Курсқа қатысушылар оқушылардың дайындаған өнерлерін тамашалап, іс-шараға оң бағасын берді.

- 05 Сен
- 2023