Ағымдағы жылдың 5-16 маусым аралығында Оралдағы «Өрлеу» институтында пәндік курстар басталды. Курстар география, қазақ тілі мен әдебиеті, математика, орыс тілі мен орыс әдебиеті, бастауыш сынып мұғалімдері және шағын жинақталған мектептерде біріктірілген сынып-комплектілерінде пәндерді оқыту бойынша жүруде.
Курс аясында педагогтер пәнді оқытудың тиімді жолдарын қарастырып, теориялық және тәжірибелік жұмыстарды топпен орындайды. Сондай-ақ пәндік құзыреттіліктерін арттырып, белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануды меңгереді. Орал «Өрлеуді» таңдаған әрбір педагогке сәттілік тілейміз!






