Шебер сынып: «Мектепке интеллектуалды дайындық»

2023 жылдың 12 қыркүйегінде «Өрлеу-Шымкент»филиалында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне (мектепалды даярлық) «Психология, инклюзивті білім беру және кәсіби даму»кафедрасының аға оқытушысы Адилаева Алманың жетекшілігімен «Мектепке интеллектуалды дайындық» шебер сынып ұйымдастырылды.Мақсаты: Мектепке жүйелі оқытуды бастау үшін танымдық процестердің (қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау, сөйлеу) жетілу деңгейіне жету, баланың балабақшаның стандартты бағдарламасының көлеміндегі білім, білік, дағдылары меңгеру.Шебер сынып барысында ,мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз ету мәнмәтінінде мектепке дайындық кезінде тәрбиелеу-білім беру процесін және дамытушы пәндік-кеңістіктік ортаны жобалау дағдыларын дамыту бойынша жұмыс түрлері көрсетілді.Нәтижесінде мектепке интеллектуалды дайындауды өз тәжіриебелерінде қолдана алады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар