Дәстүрлі тамыз кеңесі өтуде

Бүгін 24 тамыз күні білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі  Республикалық тамыз кеңесі «Білім саласындағы басқару негіздері» тақырыбында Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында ұйымдастырылды. Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуына арналған екікүндік тамыз кеңесі төрт секция бойынша шаһардың Салтанат сарайы, екі секция жұмысы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінде және Орал ақпараттық технологиялар колледжінде  басталды.

     Кеңес жұмысына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшелері,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының директорлары, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, НЗМ өкілдері, білім басқармаларының, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері; мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының меңгерушілері; жалпы орта білім беру ұйымдары мен кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

      Секциялық отырыстар «Мектепке дейінгі білім беруді басқарудағы трендтер» – диалог алаңы,  «Білім берудегі табысты менеджер: басымдықтар және басқару моделі» – Public talk, «Білім беру жүйесінің жаңа парадигмасындағы кәсіби құзыреттілік және сұраныс» – Воркшоп,  «Білім берудегі менеджмент: басқару, кәсіби өсу, байланыс, тәжірибе» – форсайт-сессия тақырыптарында  өтті.

 Секция жұмысында мектепке дейінгі, орта және арнаулы білім берудің және білім беру саласындағы жетекші мамандардың қатысуымен педагогтерге қатысты  өзекті мәселелер қозғалды.

    Тамыз кеңесінің пленарлық сессиясы 25 тамыз күні «Атамекен» өнер орталығында жалғасады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар