Пәндік курстар жалғасуда

      Жаңа оқу жылы басталысымен педагогтер біліктілігін арттыру бағытында «Ұстаздар үйіне» ағылуда.  4 қыркүйек күні Оралдағы «Өрлеу» институтында кезекті біліктілікті арттыру курстары басталды. Пәндік құзыреттілікті дамытуға бағытталған курстарда орыс тілі, география, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, ағылшын, бастауыш сынып мұғалімдері, кітапханашылар мен педагог-тәлімгерлер біліктілігін арттыруда. Педагогтер курс барысында кәсіби біліктіліктерін шыңдап қана қоймай, әдістемелік қоржындарын толтырады. Күні бүгінде 250 тыңдаушы біліктілігін арттыруда.          Оралдағы «Өрлеуді» таңдаған әрбір педагогке жаңа оқу жылында толағай табыстар тілейміз!  «Өрлеумен» бірге болыңыздар!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар