Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтымен бірлескен жұмыс жоспарына сай әріптестік ынтымақтастық аясында тығыз шығармашылық байланыс қалыптасып, белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Осы институт базасында бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушылары үшін біліктілікті арттыру курстары өтті. Білім беру бағдарламасы педагогтердің әскери-техникалық білім және әскери-патриоттық тәрбие саласындағы кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған.
Қорытынды бағалаудан сәтті өткен курс тыңдаушыларына институт директоры Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы сертификаттар табыс етті.
