“Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай ақ педагогтің қызметіне курстан кейінгі қолдау қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығының 4-тарауына сәйкес “Өрлеу” БАҰО” АҚ “Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ” филиалының біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтерге курстан кейінгі қолдау жұмыстары ағымдағы жылдың 13 қарашасынан басталды. Институттың аға оқытушылары Түркістан облысы, Арыс қаласындағы С.Қожанов атындағы ЖББМ мұғалімдеріне курс барысындағы алған кәсіби құзыреттерін оқу процесінде қолданудағы әрекеттеріне әдістемелік және консультациялық көмек көрсету жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.С.Жолшыбекова “Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі” кафедрасының аға оқытушысы

- 14 Ноя
- 2023