
Құрметті педагогтер!
«Өрлеу» БАҰО Павлодар облысы бойынша филиалы ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша «Мектепалды даярлықтың тәжірибелік және мазмұндық аспектілері» атты білім беру бағдарламасы бойынша 72- сағаттық қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарын өткізетіні туралы хабарлайды.
Курстың мақсаты: бастауыш білім беру ұйымында 5 жастағы балалардың оқуға дайындығын қамтамасыз ету үшін мектепалды даярлық топтары/сыныптары мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады.
Курсты өткізу күні: 08.04.2024 ж. бастап 18.04.2024 ж. дейін
Оқыту тілдері: қазақ, орыс
Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификаттар беріледі
ОҚИҒА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ :
- Басталу күні:08.04.2024
- Басталу уақыты:09:00
- Аяқталу күні:18.04.2024
- Аяқталу уақыты:17:00
- Орналасқан жері:Павлодар қ. Ген.Дуйсенов көш 22/1