Инклюзивті білім беру – өзекті мәселе

 «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында» орта білім беру ұйымдарында сапалы және қолжетімді білім беруді қамтамасыз ететін физикалық кедергісіз қолайлы ортаны, әдістемелік, кадрлық және басқа ресурстарды қоса алғанда, эргономикалық негізде инклюзивті білім беру ортасын құруға ерекше басымдық берілген.

Сондықтан осы сала мамандарының кәсіби білімі мен тәжірибесін жетілдіруде озық технологиялар арқылы дайындау, инклюзивті білім берудің ерекшеліктерін, қолданыстағы  нормативті-құқықтық актілердің тиісті деңгейде жүзеге асырылуын үйрету зор маңызға ие.

Бүгін Институт директоры С.С.Құрманбекова «Арнайы білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие және түзету процесін  ұйымдастыру»  тақырыбында біліктілікті арттыру курсына қатысушы  тыңдаушылармен кездесіп, сұхбаттасты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар