Жамбыл облысы бойынша білім алушылардың білім жетістіктері мониторингіне қатысқан орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылған.
2023 жылдың 17-19 қазан аралығында институттың аға оқытушылары П.Каркабаева мен Д.Сейданова Жамбыл облысы, Жуалы ауданы №19 Д.А.Қонаев атындағы мектеп – гимназиясы базасында тәжірибелік семинар өткізуде.Семинар барысында оқушылар бойында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін оқу және математикалық сауаттылықтарын дамытудың маңыздылығын зерделеп, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі қорытындысына талдау жасады.
Семинарға қатысушы математика пәні мұғалімдеріне оқушылардың логикалық ойлау қабілетін шыңдау, есептер шығару кезінде пәнге деген қызығушылығын арттыру, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, олардың ой-өрісін дамыту, теориялық білімдерін практикада қолдана білуге дағдыландыру мәселелері түсіндірілді.
Ағылшын тілі пәні мұғалімдері тілді үйретудің озық технологияларын тиімді пайдалану жолдары, оқушылардың алған білімін практикамен ұштастыра білу, білімдерін өмірде қолдана білу, оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға бағыттайтын белсенді әдістер мен тәсілдерді, тест тапсырмаларын құрастырудың тиімді жолдарын, тапсырмалар құрастырудың оңтайлы тәсілдерін меңгеруде.
