Ү.ж. 24 қазан күні Тараз қаласы №30 «Назерке» бөбекжай-бақшасының базасында курс тыңдаушылары үшін мемлекеттік мерекеге орай «Менің республикам – мерейлі мекенім» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытуда Отансүйгіштікке баулу, туған еліне, жеріне деген құрмет көрсету, рухани құндылықтарды дәріптеу. Қатысушылар ынтымақтастық пен бірлікті дәріптейтін «Туған елге саяхат» дидактикалық ойыны арқылы қызықты тапсырмалар орындады.
Қазақ тілі педагогі Жагпарова Алия өз тәжірибесінен мектеп жасына дейінгі балаларға Отан туралы мақал-мәтел, нақыл сөздерді үйренуге бағытталған квест ойынымен бөлісті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Республика күні бұл халқымыздың рухын көтеріп – елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам» – деп атап өткендей көк Туымыз тұғырлы болғай. Республика күні құтты болсын!