«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы тарапынан жыл сайын дәстүрлі түрде 01 наурыз-31 қазан аралығында барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейнесабақтар мен бейне-дәрістер конкурсы өткізіледі.
Биыл конкурстың Өңірлік кезеңіне 334 педагог өтініш беріп, 48 қатысушы жеңімпаз атанды. Өңірлік кезеңнің жеңімпаздарын марапаттау Тараз қаласындағы «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында ұйымдастырылды.
Іс-шараға облыстық білім басқармасының, аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің, басқа да білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Салтанатты шара аясында «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсының Өңірлік кезеңіне қатысушылар 12 бағыт бойынша 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Жеңімпаздар қатарында Тараз қаласының (18) және Қордай (6), Меркі (6), Т.Рысқұлов (3), Жамбыл (2), Байзақ (2), Сарысу (1), Мойынқұм (1), Шу (1) аудандарының педагогтері бар. Аталмыш конкурсқа колледж педагогтері де белсенді қатысты.
Жеңімпаздар арасында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі (1), Құлан агротехникалық жоғары колледжі (3), Жамбыл индустриалды – технологиялық колледжі (2) және «Парасат» Тараз колледжінің (1) педагогтері бар.
Ерекше дарынды балаларға арналған облыстық «Дарын» лицей – интернатының педагогінің (1) жұмысы жеңімпаз болып танылды.
Салтанатты іс-шараға облыстық білім басқармасының бөлім басшысы З.С. Сейдуалиева, облыстық оқу-әдістемелік орталықтың басшысы Ш.А.Усерова және аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері мен әдіскерлері қатысты.
Шараға қатысушылар Конкурс ұйымдастырушыларына алғыстарын білдіріп, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.
Құрметті, байқауға қатысушылар өңірлік кезеңінің жеңімпаздарымен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар: https://cloud.mail.ru/public/qNog/xHSyvnLQ2