«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» тақырыбында курс өтуде

6 қыркүйек күні Оралдағы «Өрлеу» институтында бірнеше курстар бастау алған болатын. Біліктілік арттыру курстарының бірі – Сырым ауданында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» тақырыбында өтуде. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының  әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған курсты Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушысы Алипкалиева Гульфия жүргізуде.

   Курс барысында педагогтер нормативтік-құжаттарды талқылап, практикалық тұрғыдан білімдерін жетілдіреді.

   Орал «Өрлеуді» таңдаған курс тыңдаушылары пәндік білімдерін шыңдап, құнды ақпараттар алып шығатынына сенім білдіреміз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар