Жамбыл облысының орта білім беру ұйымдарының 150 оқытушы–ұйымдастырушылары ү.ж. 21 тамыз бен 17 қараша аралығында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық педагог-ұйымдастырушыларының пәндік құзыреттіліктерін дамыту (10-11 сыныптар)» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Біліктілікті арттыру курстарын Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты әскери кафедрасының жауынгерлік, тактикалық, саптық даярлық бойынша үлкен кәсіби тәжірибесі бар аға оқытушылар, майор Б.Үсен және подполковник М.Тұрсынбаев өткізді.
Бағдарламаның мақсатына сәйкес курс тыңдаушылары білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқыту мен оқу тиімділігін арттыру үшін білім алушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелерінде өздерінің кәсіби құзыреттерін дамытты.
Курс шеңберінде Тараз әскери-техникалық мектебі базасында саптық, әскери даярлықты пысықтау бойынша, сондай-ақ «Жеңіс» саябағында орналасқан «Ерлік» мемориалдық кешені мен Даңқ залында оқушылардың патриоттық тәрбиесіне ықпал ететін көшпелі тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, курс тыңдаушылары үшін ЖОО профессорлары оқу пәнін оқытуда инновациялық тәсілдерді қолдану бойынша сабақтар өткізді.