«Интернет ресурстары негізінде жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастыру» шеберлік-сыныбы

2023 жылдың 02 қазанында «Өрлеу» РКДИ аға оқытушысы Рысқұлбекова Құралай, Абылай хан  атындағы ҚазХҚжӘТУ магистранты Сүлейменова Гүлзарамен бірлесіп «Интернет ресурстары негізінде жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында шеберлік-сыныбын өткізді. 

Шеберлік-сыныбының мақсаты ағылшын тілді елдердің әлеуметтік-мәдени аспектілерін зерттеу контекстінде оқушылардың интернет ресурстарымен жұмыс істеу дағдыларын дамытуды қолдау. 

Міндеттері:  

– тыңдаушыларды ағылшын тілін үйрену процесінде әлеуметтік-мәдени құзыреттілікті қалыптастырудың мақсаттары мен принциптерімен таныстыру. 

– ағылшын тілді елдердің әлеуметтік-мәдени аспектілерін тану үшін интернет-ресурстарды пайдалану әдістерін ұсыну және оларды сабақ барысында қолдану.  

– әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында білім алушылардың лексикалық қорын байытуға ықпал ету. 

Шеберлік-сынып  барысында тыңдаушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас, сыни ойлау және мәдени құзыреттілік дағдыларын дамыту үшін онлайн платформаларды, әлеуметтік желілерді және веб-ресурстарды пайдалану әдістері талқыланды.  

Тыңдаушылар Canva, Kahoot, learningapps, wordwall және интернет ресурстарын оқу процесіне енгізу тәсілдері бойынша практикалық құралдармен таныса алды. Бұл құралдар оқушыларға толеранттылық пен мәдени айырмашылықтарды құрметтеуді дамыта отырып, тиімді қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. 

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар