Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Жаксылыкова Кенжегүл Талдықорған қаласында «Тұрақты даму жағдайындағы білім беру сапасын басқару» тақырыбында орта білім беру ұйымының басшыларына арналған біліктілікті арттыру курсын өткізді.
Курс аясында «Өтенай ауылындағы №21 ОМ МДШО» КММ (директоры Маликова К.У.) базасында практикалық оқытудың белсенді түрі – «Жобалық менеджмент – білім беру сапасын басқару үдерісіндегі тың тәжірибе» тақырыбында көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды.
КТС негізгі мақсаты – тыңдаушылардың курстарда алған білімдері мен дағдыларының белгілі бір көлемін бекіту және кеңейту болып табылады.
Қазіргі уақытта мектепте білім білім беру сапасын басқару мәселесі ерекше маңызға ие және мемлекеттің назарында. Осыған орай, орта білім беру сапасын арттыруға байланысты іс-шараларды жоспарлау және оларды тиімді ұйымдастыру бойынша жобалық менеджменттің алар орны ерекше.
Аталмыш мектептің педагогтері мен білім алшылары «Жобалар жәрмеңкесінде» өз идея-жобаларын ұсынып, алған дағдыларымен бөлісті. Мобильді түрде қажетті Интернет платформаларды, Smart-құрылғы қосымшаларды, цифрлық ресурстарды тиімді түрде кіріктіріп, қызықты әрі маңызды жобаларын қорғады.


