«10-11 сыныптарда күрделі тақырыптарды меңгеруде ағылшын тілі мұғалімінің пәндік құзыреттілігін дамыту» 

Ағымдағы жылдың 06 қарашасында «Өрлеу» Республикалық кәсіби даму институтында аға оқытушы Айгерім Мендекенованың  жетекшілігімен басталған «10-11 сыныптарда күрделі тақырыптарды меңгеруде ағылшын тілі мұғалімінің пәндік құзыреттілігін дамыту»  ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды.  

Курс аясында жалпы орта білім беру ұйымдарының ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құндылықтарын қалыптастыру, білім беру саласындағы жалпымемлекеттік басымдықтар, ағылшын тілін оқытудың өзекті мәселелері қарастырылды. 

Бағдарлама негізгі тілдік дағдыларды (тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу), Use of English және Content дағдыларын оқушылардың оқу жетістіктерін арттыру мақсатында дамыту үшін ағылшын тіліндегі пәндік құзыреттерді арттыруға бағытталған. https://www.facebook.com/reel/655706486707377

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар