Ү.ж. 9 қаңтар күні Кәсіби даму институты және Тараз қаласының №30 «Назерке» бөбекжай-бақшасымен бірлескен жұмыс жоспарына сай М.Монтессори әдістемесін тәжірибеде тиімді әрі үздіксіз қолдану бойынша әдістемелік семинар жұмысын ұйымдастырды. Семинар жұмысына №34 «Бақыт» бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері қатысты.
Семинарда Монтессори әдістемесінің дамыту аймақтарының негізгі ерекшеліктері және балаға арналған тапсырмаларды танымдық бағытта әзірлеу алгоритмі ұсынылды. Семинар қатысушылары топтық жұмыс жасап, кері байланыс берді.