«Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие – ұлт болашағы» тақырыбында облыстық тәжірибелік-семинар өткізілді

«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» филиалының ұйымдастыруымен 2024 жылы 19 қаңтар күні Келес ауданы білім бөліміне қарасты №39 Л.Жолдасов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыру бойынша «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие – ұлт болашағы» тақырыбында облыстық тәжірибелік-семинар өткізілді. Семинардың мақсаты Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Семинарға Түркістан облысының 17 қалалық, аудандық білім бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарлары, педагог ұйымдастырушылары, педагог-психологтары, сынып жетекшілер, дебат клубының жетекшілері қатысты. Семинар барысында білім беру мекемелерінде Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мәселелеріне арналған пікір алмасулар болды және Келес ауданының білікті педагогтері Түркістан облысының педагогтеріне үздік сабақтар өтіп көрсету арқылы өз тәжрибелерімен бөлісті. Дебат өту арқылы дебат клубы жұмысының дұрыс жүргізілуі, әкелер мектебінің, әжелер мектебінің, жеңгелер мектебінің жұмыстарының тиімді жүргізілуі бойынша түсінік берілді. Мектепте жүргізілетін үйірме жұмыстарының нәтижесімен және мектепте ұйымдастырылған ата-аналар қолдау орталығының жұмысымен таныстырылып өтілді. Семинарға 130 педагог қатысып, іс-шара соңында қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көпшілікпен тиімді кері байланыс орнатылды. Бас әдіскер Ауешова Гаухар Абдирахмановна

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар