Ү.ж. 31 қаңтар күні «Тілдік ортаға ену» пилоттық жобасы бойынша Тараз қаласы білім бөлімінің №22 бөбекжай-бақшасы мен Қордай ауданы білім бөлімінің «Бүлдіршін» бөбекжай-балабақшасының тәжірибелерін талдап қорыту, және тарату мақсатында «Тілдік ортаға ену» пилоттық жобасының нәтижелері» атты дөңгелек үстел өтті.
Семинар аясында Эстония тәжірибесіне негізделген мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытудың тиімді технологиясы ретінде «Тілдік ортаға ену» әдістемесі бойынша іс-шаралар көрсетіліп, бекітілген жоспарға сай атқарылған жұмыстың нәтижесі қорытындыланды.
Институттың аға оқытушылары Эльмира Мирзалиева мен Жанар Хайрушеваның жетекшілігімен «Тілдік ортаға ену» пилоттық жобасы арқылы «Біздің орманның жануарлары» тақырыбындағы тілдік дамыту сабағы көрсетілді.
Тәжірибе аясында мемлекеттік тілді меңгертудің тиімділігін арттыруда «Қазақ тілін меңгерудің маңыздылығы» мен «Тілдік ортаға енудің жасанды әдісі» тақырыптарында баяндамалар жасалып, қорытынды пікірлер талқыланды.
Семинарда мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінде «Тілдік ортаға ену» әдісін қолданып, мемлекеттік тілді меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері, жұмыс түрлері, түпкі нәтижелері талқыланып, осы пилоттық жобаны жетілдіру, тарату ұсынылды.