Мұғалімнің өз білімін жетілдіруі – сапалы білім мен тәрбие кепілі

А.ж. 1 ақпан күні Жамбыл ауданы, Абай атындағы  орта мектеп базасында педагогтерге курстан кейінгі әдістемелік қолдау көрсету және мұғалімдердің педагогикалық кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында аға оқытушылар – Парида Каркабаева, Ербол Избасаров, Андия Бейсенкулова «Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың инновациялық формалары мен әдістері» тақырыбында оқыту семинар-практикумын өткізді.

Семинар-практикум барысында жекелеген пәндер бойынша математикалық есептерді шығару арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, есеп шығаруда әдіс-тәсілдердің қолданылуы, есептерді әр түрлі жолдармен шығару тәсілдері талданып, білім беру процесінде цифрлық технологияларды және онлайн қызметтерді пайдалану жолдары қарастырылып талқыланды.

Сонымен қатар STEM  технологиясы шеңберінде оның қолдану жолдары қарастырылып, іс-тәжірибе арқылы оның құрылымымен таныстырып, тапсырмалар орындалды.

Жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған оқыту семинары ұстаздар арасында тәжірибе алмасуға және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді алаңына айналды. Семинарға қатысушылар жұмыстың тәжірибелік бағыттылығы мұғалімдердің кәсіби тұлғалық дамуына және пәндік білімдерін жетілдіруге ықпал еткенін ризашылықтарын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар