Ағымдағы жылдың 16 ақпан күні “Өрлеу” – Жамбыл мен “ABAY” бастауыш мектеп-гимназиясы ЖШС-і және Республикалық жеке білім беру ұйымдары қауымдастығымен бірлесіп, “Финдік білім беру жүйесі – трансформацияның бірінші кезеңі” тақырыбында республикалық семинар өтті.
Республикалық семинарға Тараз қаласының №26, Меркі ауданының №44 орта мектептерінің басшылары мен орынбасарлары, білім басқармасы мен білім бөлімдерінің мамандары, жеке білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
Семинардың мақсаты – финдік білім беру жүйесін түсіндіру және бастауыш сынып мұғалімдері үшін тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу.
Модераторлар Кулен Фарида мен Абилова Айгүл семинардың негізгі бағыттарымен таныстырды:
1. Финдік білім беру жүйесінің ерекшелігі мен тиімділігі.
2. Финляндияның білім беру моделін енгізу және тәжірибеде қолдану арқылы нәтижеге жетудің стратегиялық жобасы.
3. Нәтижеге бағытталған финдік білім беру моделін енгізу.
“2023-2029 жылдарға арналған “Abay” бастауыш мектеп-гимназиясының финдік білім беру моделін енгізу және практикада қолдана отырып, нәтижеге қол жеткізу жөніндегі стратегиялық жобасы” тақырыбында бастауыш сыныптар бірлестігінің басшысы Ербаева Айнұр және бастауыш сынып мұғалімі Әуезова Гүлмарал сөз сөйледі.
Панельдік сессияда педагогтер Әуезова Гүлмарал, Кемпірек Гүлмира, Сүлейменова Айнұр, Катаева Кенжекүл, Ербаева Айнұр және Мәдібек Айжан келесі бағыттар бойынша сабақ көрсетті:
1. “Қаржылық сауаттылық” (фин бағытында): “Қаржылық тәуелсіздікке қадам” 3 – сынып. /Мағжан Жұмабаев./
2. Жаратылыстану (фин бағытында): “Жердің литосфералық қабығы” 3-сынып. Ахмет Байтұрсынұлы.
3. Ана тілі “Түлкі мен тырна” 1 – сынып. Жамбыл Жабаев.
4. Әдеби оқу: “Ит-адамның досы” 4-сынып. Мұқағали Мақатаев.
5. Сыныптан тыс жарыс сабағы: “AQYL BATTLE” (фин бағытындағы ұлттық құндылық) 2-сынып. Ыбырай Алтынсарин 2 сынып. Мұхтар Әуезов.
Бастауыш сынып мұғалімдері Мыңбаева Жазира, Егеубаева Зағипа, Байтекеева Мереке, Минжанова Сулушаш, Назгүл Асылзадақызы, Отарова Гүлдина “Бала бостандығы және оның кеңістіктегі дамуы” және “Инновация және іздену-оқушылардың жан-жақты даму құралы” шеберлік сыныптарын көрсетті.
Садыкова Роза Шариповна, Республикалық жеке білім беру ұйымдары қауымдастығының төрағасы және Алматы қаласындағы “Abai International School” директорының орынбасары Бейсекова Гаухар Финляндиядағы финдік білім беру жүйесімен таныстырды.
Семинарға қатысушылар “Өрлеу”-Жамбыл модераторлары ұйымдастырған Зияткерлік ойындарға белсенді қатысып, ұйымдастырылған семинар үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.
