Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуде дефектолог-мұғалімдердің түзету-дамыту қызметін оңтайландыру

31.07-10.08 аралығында «Өрлеу-Маңғыстау» филиалында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дефектолог-мұғалімдеріне арналған «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуде дефектолог-мұғалімдердің түзету-дамыту қызметін оңтайландыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтуде. 📒 Оқу бағдарламасы-баланың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалынған.📚 Курс барысында сөйлеу қабілеті бұзылған балаларда сөйлеудің барлық компоненттерін қозғайтын және танымдық іс-әрекеттің дамуына, баланың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әдіс-тәсілдер қарастырылады. 📢Тыңдаушыларымызға сәттілік тілей отырып, қоржындарыңыз іс-тәжірибелермен толығады деп сенеміз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар