Отандық және шетелдік тәжірибе алмасу алаңы

А.ж. 23 ақпан күні  «Өрлеу»-Жамбыл «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру процесін  ұйымдастырудың заманауи тәсілдері: отандық және шетелдік тәжірибе» атты халықаралық on-line конференциясын ұйымдастырды.

Конференцияның мақсаты – отандық және шетелдік тәжірибе негізінде, Z буынының қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалімдердің біліктілігін арттыру процесін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерімен тәжірибе алмасу.

Конференция жұмысына бірқатар шетелдік ғалымдар: «Табыс академиясы» балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру академиясының жетекшісі, «Z буыны. Қолдану бойынша нұсқаулық», «Альфа буыны. Қолдану бойынша  нұсқаулық» бағдарламаларының авторы И.А.Зигунова (Москва қ.), п.ғ.к., Свердлов облыстық қосымша кәсіптік білім беру мемлекеттік автономды оқу орны және Білім беруді дамыту институтының әлеуметтік-ғылыми пәндер бөлімінің меңгерушісі С.В.Токмянина, (Екатеринбург қ., Свердлов облысы), Белоцерков атындағы үздіксіз біліктілікті арттыру институтының «Педагогика, психология және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент В.С.Кулешов, Мемлекеттік басқару магистрі А.Шаймерденова (Майами, Флорида штаты, АҚШ), педагогика магистрі, Йохви (Эстония) қаласындағы мемлекеттік гимназияның ағылшын тілі  пәні мұғалімі В.Коновалов, Нарва қаласындағы Ванналинас гимназиясының директоры, эстон тілінің мұғалімі А.Ю.Кондарчук (Эстония) қатысты.

Іс-шара аясында көтерілген негізгі тақырыптар мен идеялар:

-біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырудың жаңа тәсілдері, дербестендірілген оқыту туралы идеялар, онлайн платформалар мен инновациялық технологияларды пайдалану, алған білімдерін тәжірибеде қолдану үшін тәжірибелік сабақтар мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру;

-мектептердегі қалыптастырушы бағалаудың сәтті тәжірибесінің мысалдары: оқушылардың біліміне ғана емес, сонымен қатар олардың алған білімдерін әртүрлі контексте қолдана білу дағдыларына, әдіс-тәсілдеріне  назар аударатын бағалау әдістері қарастырылды. Бұған портфолиолар, жобалық жұмыстар, практикалық тапсырмалар және т.б. кіруі мүмкін.

-Z буынының келешегі: осы ұрпақтың ерекшеліктері, олардың оқудағы қалауы, оқу-тәрбие процесінде технологияларды пайдалану, олардың дамуы мен оқуына әлеуметтік-мәдени және экономикалық факторлардың әсері талқыланды;

-инновациялық әдістер, технологиялар және педагогикалық стратегиялар: оқытудағы жаңа тәсілдер, ойын арқылы оқыту, оқушылардың тиімді оқуы мен дамуына ықпал ететін, оқу мен даму мотивациясын тудыратын инновациялық әдістер, жаңа әдіс-тәсілдер мен технологияларды меңгеруде мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету қарастырылды.

Конференцияда заманауи білім берудің түрлі аспектілері және оның қазіргі талаптарға бейімделуі талқыланды.

Конференция қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындалды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар