«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023»республикалық байқау талаптары

«Өрлеу» Қарағанды филиалында мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдары үшін аспаптық және пәндік сауаттылықты дамыту саласында заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін пайдалану бойынша «Педагогикалық идеялар панорамасы-2023» республикалық бейнесабақтар мен бейне дәрістер конкурсының өңірлік кезеңі басталды. Педагогтер өздерінің авторлық әзірлемелерін 12 бағыттың бірі бойынша бейнероликтер түрінде ұсына алады.

Конкурс ережесімен https://shorturl.at/qIKMT сайтта танысуға болады.

Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар:

1. Мазмұны- конкурстық жұмыс мазмұнының конкурс бағыттарына сәйкестігі;

– ҚР МЖМБС сәйкестігі;

– арнайы терминология мен белгілерді қолданудың дұрыстығы.

2. Бейнематериалдардың техникалық сипаттамалары

– Full HD-ден (1920×1080) 4K-қа дейінгі өлшем;

– формат *.mp4;- бейнематериалдың уақыты 5-тен 10 минутқа дейін;

– дыбыс сипаттамалары (формат, бит жылдамдығы және т.б.) – стерео 48 кГц 16 бит.

3. Үшінші тарап аудио және бейне контент өндірушілерінің авторлық құқығын сақтау- авторлық құқық объектілері болып табылатын жұмыстардың фрагменттері пайдаланылған материалдар құқық иеленушілермен келісілмей қабылданбайды.

4. Ілеспе құжаттар- конкурсқа қатысуға өтінім.

5. Материалдар қабылданбайды

– слайд-шоу түрінде жұмыс қабылданбайды;

– егер сілтеме жарамсыз болса;

– бұрын басқа конкурстарға қатысқан бейнероликтер;

– сапасы төмен бейнероликтер;

– мазмұны ҚР заңнамасын бұзатын бейнероликтер, жарнамалық сипаттағы бейнероликтер, басқа адамдардың қадір-қасиеті мен сезімін қорлайтын және кемсітетін бейнероликтер.

Конкурстың өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдер https://ppi.orleu-edu.kz/ сайтында 2023 жылдың 10 қазанына дейін қабылданады.

Қосымша ақпарат алу үшін «Өрлеу» Қарағанды филиалына https://orleu-edu.kz/qaragandi хабарласуға болады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар