2023 жылдың 30 тамызында Алматы қаласы Республикалық физика-математикалық мектебі базасында, «Караван знаний» компаниясының ұйымдастыруымен Steam Level Up тақырыбындағы 2 күндік тренинг және ZertteStudio зертханасы бойынша жұмыстар өтті.
Аталған іс – шараға Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Каракушекова Фатима қатысып, тәжірибе алмасып келді.
Тренинг барысында қатысушылар қолда бар материалдарды пайдалана отырып, қызықты ғылыми эксперименттердің мысалдарды, жан-жақты оқуға арналған Science on Stage, Team Ireland және Experiment Share ресурстарды, ғылыми эксперименттердің жоспарын құруды, STEM және PBL саласында пәнаралық жобаларды әзірлеуді үйренді.
Зертханалық жұмыстарды әлемдік деңгейдегі екі тәжірибелі жаттықтырушылар жүргізді. Майкл Грегори – Франциядағы ғылымның сахна және ғылым елшісі, физика мұғалімі және Наско Стаменов – Болгариядағы ғылымның елшісі, химия саласындағы сарапшы.
Бұл ғалымдар Еуропада семинарлар өткізіп, өз білімдерімен және ғылыми эксперименттерімен бөлісті.

