Білім сапасына қол жеткізу үшін біліктілікті жетілдіру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру мақсатында «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығының ұйымдастырылуымен өткізіліп жатқан мемлекеттік тапсырыс негізіндегі біліктілікті арттыру курстары – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолдану шеберлігін шыңдауда маңызы рөл атқарады.
Бүгін Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалы базасында қазақ тілі мен әдебиеті, технология пәні мұғалімдері, педагог-ассистентер; Мұғалжар және Хромтау аудандарында шағын жинақты мектеп басшылары біліктілікті арттыру курстарында білімдерін жетілдіруді бастады. Сонымен қатар, 28 тамызда бастау алған курста орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері оқуларын жалғастыруда.
Курс барысында тыңдаушылар пәндер бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды оқыту процесінде қолдануды, практикалық іс-әрекетте жүзеге асыру үшін білігі мен дағдыларын дамыта отырып, оқытылатын пән саласындағы пәндік білімді тереңдетіп, білім сапасын арттыру аясында пәндік және IT құзыреттіліктерін жетілдіреді.









