Ағымдағы жылдың 05 қыркүйекте С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдердің облыстық кітапханасында Н.Ермекованың ұйымдастыруымен «Мектеп кітапханашыларының кәсіби даму жүйесінде медиа-ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы аясында көшпелі тәжірибелік сабақ өтті.
Көшпелі сабақтың басты өзектілігі: бүгінгі заманның талабына сай кітапханашылардың шығармашылық ізденістерін жетілдірумен қатар, нәтижеге бағытталған белсенді әдістер мен тиімді тәсілдерді саралай отырып, кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал ету.
Медиа-ақпараттық сауаттылықты зерделеу процесінде сыни ойлау мен коммуникативтік дағдыларды дамытуға бағытталған көшпелі сабақта кітапханашылар медиақұралдармен танысып, заманауи әдіс-тәсілдерді үйреніп, білімдерін тереңінен жетілдірді. Сонымен қатар, курс тыңдаушылары Іс-шара соңында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған іс-шараға белсене қатысты.
С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдердің облыстық кітапханасына ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз!





