Монтессори әдістемесі: ойна, үйрен, зертте!

А.ж. 28 наурыз күні  «Өрлеу»-Жамбыл және Тараз қаласының №30 «Назерке» бөбекжай-бақшасымен бірлескен жұмыс жоспарына сай М.Монтессори әдістемесін тәжірибеде үздіксіз қолдану және тарату мақсатында «М.Монтессори жүйесі: ойна, үйрен, зертте!» тақырыбында облыстық шебер-сыныбы ұйымдастырылды. Шебер-сыныпқа Жуалы ауданы, Талас ауданы, Тараз қаласының мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарының  педагогтері қатысты.

Жуалы ауданы, «Аягүл» бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері М.Монтессори әдістемесінің сенсорлық аймағына сай «Менің елім» тақырыбында бөлшектерді құрастыру арқылы Қазақстанның картасын жасауға арнлаған дидактикалық материалымен бөліссе,  Жуалы ауданы, №1 және «Балбөбек» бөбекжай-бақшаларының тәрбиешілері баланың музыка арқылы сөйлеу тілін  дамыту жолдарымен бөлісті. Шебер-сыныпта Монтессори әдісі бойынша балалардың жеке және топтық дамуының трекерлерін құру тәжірибесі көрсетілді.

Институттың аға оқытушысы Садибекова Мадина М.Монтессори ойыншықтары арқылы баланы өздігінен зерттеу жұмысына баулу және өзіне қызмет етудің ерекшеліктеріне тоқталды.Институттың аға оқытушысы  Абилова Айгүл «М. Монтессори жүйесі бойынша ЕБҚ бар балаларды дамыту»  тақырыбында М.Монтессори әдістемесі бойынша жұмыстың үш кезеңіне тоқталып, ірі және ұсақ моторикасы бұзылған балалармен, көру қабілеті нашар балалармен, есту қабілеті бұзылған балалармен жұмыс жасаудың ерекшеліктерін түсіндірді. Монтессори педагогінің міндеті-баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі оқытуға, өзін-өзі дамытуға ынталандыру екендігі талқыланды.

Тараз қаласы, №30 «Назерке» бөбекжай-бақшасының логопед мамандары – Тайшабарова Камар  және Тойбаева Айда «Сиқырлы көбелек» дидактикалық құралына М.Монтессоридің бес негізді даму аймақтарының орналасу ретімен таныстырып өтті. Сенсорлық, тілдік және математикалық аймақтарында мектепалды жас тобынның балаларымен шебер-сынып көрсетті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар