20 қараша күні Оралдағы «Өрлеу» филиалында «Ғылыми-жаратылыстану, математика бағыты сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Семинар ғылыми-жаратылыстану, математика бағыты мұғалімдеріне оқушыларды ББЖМ (білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі) дайындауда әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Функционалдық сауаттылықты дамыту құралы ретінде оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын, соның ішінде интернет-платформаларды қарастыру, заманауи оқыту технологиялары арқылы функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды талдау міндеттелген семинар жұмысына институт директорының орынбасары Кумис Байкатова қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Іс шараға жаратылыстану, математика бағыты пәні мұғалімдері қатысты. Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушысы Алина Абишева «ББЖМ мазмұны (зерттеу нені және қалай бағалайды?», «Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық:биологиы, геграфия пәні бойынша тапсырмалары, тест қатысушыларына ең аз және ең көп қиындық тудырған тапсырмалар тақырыбында толықтай ақпарат беріп өтті.




