«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» республикалық байқауының қорытынды шарасы өтті

  Оралдағы «Өрлеу» филиалында дәстүрлі «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» республикалық байқауының қорытынды шарасы өтті. Биылғы жылы байқау ережесіне өзгерістер енгізіліп, 12 сауаттылық бағыты бойынша бейнематериалдар қабылданған болатын. Облыс педагогтері байқауға үлкен ынтамен, қызығушылықпен қатысты. Жалпы саны 541 мұғалім қатысқан байқауды институт қызметкерлері мен облыс, қаланың тәжірибелі педагогтерінен құралған сарапшылар бағалап, жүзден жүйріктерді анықтады. Нәтижесінде 73 мұғалім жүлделі орындарды иеленді. Жалпы республикалық байқауға 8 сауаттылық бағыты бойынша І орын иеленген 12 педагог жолдама алды.  

          Шарада құттықтау сөз алған институт директоры Софья Измуханбетова жеңімпаздарды марапаттай отырып, «Біздің облыс мұғалімдері биылғы байқауға үлкен қызығушылықпен қатысты. 20 филиалдың ішінде байқауға ең көп педагог қатысқан облыс ретінде аталдық. Сондықтан байқау материалдары әділ бағаланып, мөлдір өтуіне күш салдық», – деді.  

     Конкурсқа қатысқан жүлдегерлердің барлығына Диплом мен облыстық және қалалық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен естелік сыйлықтар табысталды.  

Республикалық кезеңге жолдама алған педагогтерге сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар