Республикалық байқауда топ жарды

      «Педагогикалық идеялар панорамасы -2023» байқауы  республикалық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз!

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған       «Педагогикалық идеялар панорамасы -2023» республикалық байқауы өз мәресіне жетті.

Республикалық Сараптама кеңесінің қорытындысымен  Батыс Қазақстан облысынан оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық,  медиа-ақпараттық  және мәдениетаралық сауаттылық бағыттары  бойынша 6 педагогіміз жеңімпаз атанды.

 Оқу сауаттылық бағыты бойынша Орал қаласы,  Эстетикалық бағыттағы гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Гүлайм Сағиева,  математикалық сауаттылық бағытында   Д. Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының  ұстаздары информатика пәні мұғалімі Айбек Кинешов пен математика пәні мұғалімі Аружан Аскарова  3 орын алды. Сондай-ақ  медиа-ақпараттық  сауаттылық  бойынша  №41 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі   Гүлдария Куанышкалиева мен биология пәні мұғалімі Назерке Боранбайқызы, мәдениетаралық сауаттылық  бойынша Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №2 ЖОББМ-тің   ағылшын тілі пәні мұғалімі  Гаухар Нияр жеңімпаз атанып, жүлделі ІІІ орын иегерлері атанды.  Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі 19 желтоқсанда Астана қаласында өтеді. Республикалық кезеңде жүлделі орын алған  жүлдегер-ұстаздарымызды құттықтаймыз, қызметтеріне толағай табыстар, кәсіби өрлеу тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар