БҚО – «Өрлеуде» 27 желтоқсан күні «Өрлеумен» бірге өрле!» тәлімгерлік жобасы бойынша қорытынды шара өтті. Естеріңізге сала кетсек, осы жоба аясында жыл бойы облыстық семинар, шеберлік сыныптар мен табиғат аясында тимбильдинг ұйымдастырылған болатын.
«Үздік тәлімгерлік тәжірибелер» тақырыбындағы облыстық қорытынды форумға институт ардагерлері мен қызметкерлері, тәлімгерлер мен жас мамандар қатысты.
Форумның бірінші бөлімінде институтта талай жылдар қызмет атқарып, облыстың білім саласына елеулі үлес қосқан Өтебай Құспанұлы бастаған ардагер-ұстаздар «Тәлімгерлік: табыс формуласы» панельдік пікірталасына қатысты. Панельдік пікірталас тізгінін институт директоры Софья Измуханбетова алып, шараға қатысып отырған баршаға ризашылығын білдірді.
Пікірталас барысында ардагерлер қазіргі уақытта тәлімгерлерге қажетті дағдылар, тәлімгерлік институты жұмысында кездесетін жағдаяттар, осы уақытқа дейін өзектілігін жоймаған тәлімгерлік тәжірибесімен бөлісті және “тәлімгерлік- екіжақты процесс” деген ұғымға анықтама беріп өтті.
Форумның екінші бөлімінде тәлімгерлер мен жас мамандар бірлескен жұмыстарын ұсынды. «Lesson Study педагогикалық тәсілінің негізгі қадамдары» тақырыбындағы AQYL BATTLЕ интеллектуалды ойыны, «Инновациялық тәсілдер арқылы тәлімгерлікті ұйымдастыру», «Цифрлық технология – жас маман мен тәлімгердің құзіреттілігін қалыптастырудың факторы», «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыру аясында негізгі құндылықтарды қалыптастыру», «А.Байтұрсынұлы педагогикасындағы тәлімгерліктің рөлі», «Жас маманның кәсіби шыңдалуындағы ментордың рөлі», «Media and visual content workshop», «Шынан шыңға өрлейік!» шеберлік сыныптары өткізді.
Форум соңында жыл бойы бірлесе жұмыстанып, тәлімгерліктің үздік тәжірибелерін көрсеткен ұстаздар сертификатқа ие болды.





