«БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ БАҒАЛАУДЫҢ БОЛАШАҒЫ PIRLS, TIMSS, PISA, AKT ТРЕНДТЕРІ» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өткізіледі

Құрметті әріптестер!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының Жедел іс-шаралар жоспарына сәйкес «БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ БАҒАЛАУДЫҢ БОЛАШАҒЫ PIRLS, TIMSS, PISA, AKT ТРЕНДТЕРІ» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өткізіледі.

Конференцияның мақсаты: білім сапасын арттыруда цифрлық білім беру ресурстарын қолдану арқылы білім беру үрдісін ұйымдастыру қағидаларын дамыту, педагогтердің кәсіби-тұлғалық құзіреттілігін үздіксіз дамыту жолдарын жетілдіру және тәжірибе алмасу.

Конференцияның бағыттары✅:
1.Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы АКТ-ның тиімді қолданылуы
2.PIRLS, TIMSS, PISA халықаралық зерттеулері-мектептегі білім беру сапасының индикаторы
3.Білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибелер мен педагогикалық ғылыми жетістіктер
4.Цифрлық білім берудегі педагогтің кәсіби біліктілігі мен білімділік деңгейін жетілдіру жолдары

👩🏼‍🏫Конференция жұмысына қатысуға «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның филиалдарының, жоғары оқу орындарының қызметкерлері, ғалымдар, кәсіптік білім беру ұйымдарының, қосымша, негізгі және жалпы орта, бастауыш, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтері шақырылады.

🇰🇿🇷🇺🇺🇸Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Өткізу күні: 30 маусым 2023 жыл, 11.00.сағат (Астана қ. уақытымен).

‼️Конференция жұмысына қатысу үшін 2023 жылғы 25 маусымға дейін moir-atyrau@mail.ru электронды поштасына мақала және өтінім талаптарға сәйкес рәсімдеп, тегі жазылып, «Халықаралық конференция» белгісімен жіберу қажет.

📢Ұсынылған материалдар конференцияның тақырыбына және рәсімдеу талаптарына сәйкес келмеген жағдайда жарияланбайды.
Материалдарға пікір жазылмайды және қайтарылмайды. Жарияланатын материалдардың мазмұнына авторлар жауапты.
Конференция жұмысының қорытындысы бойынша барлық қатысқан педагогтерге Сертификат, тікелей қатысушыларға арнайы Алғыс хат (pdf-форматында) беріліп, электрондық жинақ дайындалады.

Толық ақпарат:
📞+7 (702) 563-40-36
📞+7 (775) 461-13-84

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар