Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институтының негізгі қызметі – біліктілік арттыру курстарын ұйымдастыру және курстан кейін әдістемелік қолдау көрсету болып табылады.
2023 жылы 230 біліктілік арттыру курстары ұйымдастырылып, облыс бойынша барлығы – 6014 педагог, оның ішінде орта білім беру ұйымдарынан – 5479 тыңдаушы, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бойынша 575 педагог білімін жетілдірген болатын.
8 қаңтардан бастап Оралдағы «Өрлеу» Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушылары біліктілік арттыру курстарын өткізуде.
Жаңа жылда бастау алған курстар бірнеше бағыт бойынша жүруде. Курста арнайы білім беру ұйымдарының мұғалімдері, жалпы білім беретін мектептің арнайы сынып мұғалімдері, орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен бастауыш сынып мұғалімдері онлайн форматында біліктіліктерін жетілдіруде. Педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға, курстан кейін қолдауға бағытталған шаралар жыл бойы жалғасын таппақ.
